
Екі күнге жалғасқан скрипкашылар байқауының нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Абай ауданындағы Жәнібек Кәрменов атындағы саз мектебінің тәрбиеленушісі Оразалина Әсем (жүлде қоры 50 мың теңге), ІІ орынды Семей қаласындағы №1 балалар музыкалық мектебінің оқушысы Нұржанқызы Нұрай (жүлде қоры 100 мың теңге), І орынды Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінің студенті Акпарова Лилия (жұлде қоры 150 мың теңге) иеленді.
Жеңімпаздарымызды марапаттарымен құттықтаймыз!
Жас скрипкашылар байқауы жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасын табатын болады.