
10 желтоқсанда сағат 4:00-де 5 интернаттың жылу көзінде ШЗУ жүйесі қайтадан бұзылып, жылу беру параметрлері төмендеді.
"Теплокоммунэнерго" МКК қызметкерлері (12 адам) жағдайды жою бойынша жұмыс жасады.
Қазіргі уақытта, мамандардың айтуынша, ШЗУ жұмысы қалпына келтірілді, жылу беру параметрлері біртіндеп артып келеді.
Сол күні, 2022 жылғы 10 желтоқсанда сағат 02:00 шамасында 112 пультке "Шығыс оң" ауданында Семей өзенінде мұздың түзілуіне байланысты судың кері тірелуі орын алып, нәтижесінде Восточный оң кентіндегі жеке үйлердің 3 аула аумағы су астында қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Семей қаласы әкімдігінің және Абай облысы ТЖД қызметкерлерімен аулаларды аралау жүргізілді.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты, судың жоғарылауы байқалмайды. "Қазгидромет" және Ертіс бассейндік инспекциясының мамандары Ертіс өзеніндегі су деңгейі мен мұз жағдайына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.
Семей қаласының әкімдігі жағдайды бақылайды, су деңгейі қосымша көтерілген жағдайда қажетті шаралар қабылданады.