
Жеке құрамды кенеттен тексеру Қарулы Күштердің шынайы жауынгерлік дайындығын анықтайды. Күтпеген тексеру кезінде бөлімшелердің іс-қимылдарының жеделдігі мен үйлестірілуіне, әрбір жауынгердің жауынгерлік дағдыларына, сондай-ақ бөлімшелердің өзара іс-қимыл, басқару және үйлесімділік мәселелеріне ерекше назар аударылады.
- Жеке құрам үшін белгіленген іс-қимылдарды пысықтауда жауынгерлік дайындық апталығы маңызды мәнге ие. Жауынгерлік дайындық кезінде осы іс- шаралардың көмегімен біз бөлімдер мен бөлімшелердің алдына қойылған міндеттерді орындау мүмкіндіктерін тексере аламыз, - деп атап өтті 44736 әскери бөлімінің командирі полковник Азамат Әбікенов.
Дабыл бойынша көтерілген 44736 әскери бөлімі әскери автомобиль полициясының сүйемелдеуімен қаладан шоғырланған ауданға кетеді, өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды орындайды және кейінгі оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын болады.
Айта кету керек, тактикалық-саптық сабақтар қысқа мерзімде әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлікті жоғары дәрежеге келтіру жоспарының іс-шараларын орындауын тексеруге мүмкіндік береді.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі