
Байқауға Астана, Алматы қалаларынан және Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл және Абай облыстарынан 14 композитор өз шығармаларын ұсынды.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаз болып Байқаудың бас жүлде иегері - Қасымбеков Ербосын, Жамбыл облысы,«Шығыс ұраны» шығармасы, жүлде қоры 500 000 теңге; І орын иегері - Төлебай Жарасхан, Алматы қаласы, «Нағыз қазақ» шығармасы, жүлде қоры 300 000 теңге; ІІ орын иегері - Гүлдана Ноғайбаева, Абай облысы, Семей қаласы, «Семейім - жұмақ мекенім» шығармасы, жүлде қоры 200 000 теңге; ІІІ орын иегері - Слямқұл Береке, Абай облысы,Семей қаласы, «Абайға арнау» шығармасы, жүлде қоры 100 000 теңге; Еркеғали Рахмадиев атындағы қордың арнайы жүлдесінің иегері - Әділет Сериков, Абай облысы, Семей қаласы, «Дала үні» композициясы;
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының арнайы жүлдесінің иегері - Сагиев Жанболат, Ақтөбе облысы, «Тәуелсіз елім» шығармасы.
Байқау қатысушыларын облыс әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков және Ақтоты Райымқұлова құттықтады.
Айта кетейік, Абай облысы - дарынды тұлғалардың туған жері. Соларға қолдау көрсету мақсатында осындай байқаулар әлі де өткізілетін болады.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев 2022 өткізілген саз әлемінің саңлағы, белгілі композитор, жерлесіміз Еркеғали Рахмадиевтің 90 жылдығына арналған республикалық композиторлар байқауына қазылық еткен "Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК директоры Ақтоты Райымқұловамен кездесті.
Кездесу барысында Абай облысының мәдениет ұжымы мен Қазақконцерт ұжымының әріптестігі жайлы мәселе көтерілді.