
Отырысқа Абай облысы бойынша Тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Технологиялық реттеу және метрология, Сауда департаментерінің, жергілікті атқарушы және орталық атқарушы органдардың басшылары, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы және қалалар мен аудандардың әкім орынбасарлары қатысты.
Комиссия жұмысының басты мақсаты - инфляция деңгейін тұрақсыздандырудың сыртқы және ішкі тәуекелдеріне жедел ден қою, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, тиімсіз делдалдарды анықтау және алып тастау, сондай-ақ азық-түлік тауарларына, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға белгілеудің бүкіл тізбегі бойынша делдалдық сызбаларды тексеру жөніндегі іс-шараларды уақтылы жүргізу.
Комиссия отырысы тұрақты негізде күнделікті өткізіліп, нақты шаралар қабылданатын болады.