
Додада Абай облысының спортшылары қатысып, биіктен көрінді.
Айта өтсек, Аймухамбетов Дарын 80 келі салмақта әлем чемпионы атанды. Ал, Аманұлы Дәулет 57 келі салмақта әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Құттықтаймыз!
Бүгін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының мәслихатының хатшысы Қуаныш Сүлейменов, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов спортшыларымызды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Нұрлан Ұранхаев атап өткендей, спортты қолдау бірінші кезектегі міндеттер қатарында. Ол үшін облыста дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда, облыстың әкімшілік орталығында мұз сарайын салу, стадионды қайта құру жоспарлануда.