
Конкурстың негізгі мақсаты - 21 ғасырдың дағдылары мен құзыреттіліктері туралы білімдерін арттыру, жастардың шығармашылық және технологиялық дағдылардын жетілдіруге ынталандыру және барлық жағынан қиял мен тапқырлықты дамыту.Үздік стартап жобаларды қолдау.
Осы конкурсқа аймақтық кезеңде жеңімпаз атанып, республикалық кезеңге жолдама алған Абай облысы білім басқармасы Аягөз аудандық білім бөлімінің «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ- дан “Bumblebee” командасы қатысты.
Конкурстың жүлде қоры 12 000 долларды құрады. Нәтижесі бойынша еліміздің әр аймағынан келген 12 команданың жеңімпаз үш командасы 3000 доллардан қоржындарын толтырса, ынталандыру сыйлығы ретінде үш команда 1000 доллар көлеміндегі сыйақыны иеленді.
Осы байқаудың жүлдегер командаларының қатарында 3000 долларға сертификат алған "Bumblebee" командасы да болды.
"Bumblebee" командасын конкурстың финалдық кезеңіне дайындаған физика және информатика бойынша шебер-педагог, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Меруерт Орынғалиқызы Құнусова, 10-11 сынып оқушылары командасының мүшелері Әсем Жайдахметованы, Аружан Қазыбекованы, Мадина Умытқанованы, Еңлік Ержанқызын, Алтынай Ахметованы үлкен жеңістерімен құттықтаймыз!!!
Болашақта шығармашылық табыс пен үлкен жетістіктер тілейміз!