
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедек адамдарға - тегін жол жүру;
2) сүйемелдеуімен бірге І топтағы көру қабілеті нашар адамдарға - тегін жол жүру;
3) ІІ топтағы көру қабілеті нашар адамдарға - тегін жол жүру;
4) 70 жастан асқан зейнеткерлерге - тарифтің 50 % ;
5) ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге - тегін жол жүру;
6) сүйемелдеуімен бірге І топтағы мүгедек адамдарға - тегін жол жүру;
7) ІІ топтағы мүгедек адамдарға - тегін жол жүру;
8) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
9) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
10) жетім балаларға, отбасында тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға - тегін жол жүру;
11) көп балалы отбасылардан шыққан балаларға - тегін жол жүру;
12) "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға - тарифтің 50 % ;
13) сүйемелдеуі бар мүгедек балаларға - тегін жол жүру.
"Абай облысының Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етуге тиіс:
1) Осы Семей қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысын және Семей қаласы мәслихатының шешімін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) Осы Семей қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысын және Семей қаласы мәслихатының шешімін ресми жарияланғаннан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Семей қаласы әкімдігінің осы бірлескен қаулысының және Семей қаласы мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Семей қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.