USD446.78EUR481.81RUB4.84

Облыс әкімінің Жарма ауданына іс-сапары

05 желтоқсан 2022, 10:40
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс сапарымен Жарма ауданына келіп, Қалбатау ауылының Мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Халықпен кездесу барысында тұрғындар өздерін көкейкесті сұрақтарын қоя алды. Оның ішінде - заңсыз қазба мәселелері қолға алу, жол жөндеу, су мәселелері.
Облыс әкімінің Жарма ауданына іс-сапары

Жарма ауданында тұрғындармен кездесуден кейін Нұрлан Ұранхаев өңірдің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі саналатын – «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС-де болды. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі - кен өндіру, құрамында алтын бар концентратты байыту және шығару.

«Полиметалл» компаниясы алтын өндіру активін 2014 жылғы қыркүйекте сатып алған. Оған ұзақ күтілетін пайдалану мерзімімен ғана емес, сонымен қатар елеулі геологиялық барлау әлеуетімен сипатталатын Бақыршық және Большевик алтын кен орындары кіреді.

2018 жылы кәсіпорында үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өнімділігі жылына 2 млн. тонна кен байыту фабрикасы пайдалануға берілді. Сол жылдың өзінде-ақ толық жобалық өнімділікке қол жеткізілді.

Кен байыту фабрикасы пайдалануға берілген сәттен бастап кәсіпорында концентрат түрінде 50 тонна алтын өндірілді. Кәсіпорында 1 400-ден астам адам жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіпорын мердігерлік ұйымдардың 1 100 қызметкерін жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.

Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны білім беруді, денсаулық сақтауды дамытуды қолдай отырып, жергілікті билікпен әлеуметтік әріптестік туралы меморандумдар шеңберінде жақын маңдағы елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарта отырып, әлеуметтік салаға қомақты қаражат салуда.

Жарма ауданында, облыста асыл тұқымды ірі қара мал өсіру 70 жылдан аса уақыт бұрын Шалабай жерінде басталған болатын. Нұрлан Ұранхаев бүгін де шаруашылықтың жұмысымен танысты.

Кеңес заманында мал шаруашылығының жетістіктері біздің республикадан тыс жерлерде кеңінен танылды. Қазақтың ақ бас сиырын өсіруде Социалистік Еңбек Ері Балғабек Сүлейменов, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұбайхан Шекембаев, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты Кәми Уалиева, Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері Жолдаспай Масалимов сынды атақты еңбеккерлер даңққа бөленді, олар бүгінде де ауданның мақтанышы болып табылады.

Шаруашылық көптеген қиын кезеңдерден өтті. Өтпелі кезеңде - өткен ғасырдың 90-шы жылдары шаруашылық ыдырап, асыл тұқымды мал зауыты мәртебесінен айырылды. Аға буынның маңдай терімен қалыптасқан даңқты шаруашылықтың жай-күйі туған өлкенің бірде-бір жанашыр тұрғынын бей-жай қалдырмады, олардың арасында қазіргі Абай облысы мәслихатының депутаты Қуаныш Серікқазыұлы Сүлейменов те болды.

Бүгінгі таңда облыстағы ірі шаруашылықтардың бірі болып табылатын серіктестікте 126 адам жұмыс істейді, 3,5 мыңға жуық ақбас сиыр, сондай-ақ қой мен жылқы бар. Серіктестік мал шаруашылығымен қатар егіншілікті де табысты жүргізуде. Бүгінде мұнда 3,2 мың га егістік жер игерілуде, оның ішінде 1,1 мың га – майлы, 900 га – дәнді және 1,2 мың га жемшөп дақылдары.

Өткен жылы Ресей Федерациясынан 425 бас ірі қара мал сатып алынды. Бұқашықтарды бордақылауға арналған «GrowSafe канадалық азық тиімділігін енгізу» жобасы жүзеге асырылды.

Мал басының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында биылғы жылы тағы бір жоба - ірі қара малдың тұқымдық зертханасы салынды.

Асыл тұқымды шаруашылықтың тарихы туралы мәліметтер «Шалабай» ЖШС-нің мұражайында сақталған. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев сол жердегі экспонаттармен танысып қайтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar