USD443.35EUR475.54RUB4.82

Абай облысына экология министрі келді

05 желтоқсан 2022, 10:20
Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, экология министрі Серікқали Брекешев Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Абай облысына экология министрі келді

Өз баяндамасында ол Министрліктің жауапты салалардағы жұмысы туралы және тұтастай алғанда Абай облысы бойынша одан әрі даму перспективалары туралы сөз қозғады.

Қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселесі бойынша, экомониторинг нәтижелері Семей, Аягөз қалаларында атмосфералық ауаның ластану деңгейінің жоғарылағанын көрсетті. Негізгі ластаушы заттар жылу энергетикасы кәсіпорындары мен жеке сектордың шығарындылары болып табылады.

Өткен 9 ай ішінде биылғы жылы кәсіпорындардан ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі шамамен 900 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 18% - ға төмен (1,1 млн.тонна). Абай облысына 31,1 мың тонна келеді, бұл осы кезеңмен салыстырғанда 1,1% - ға төмен (31,8 мың тонна).

Сонымен қатар, кәсіпорындарда экологиялық жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылдануда.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar