«Жеке секторда тұратын көп азаматтар қар құрсауымен күресуге шамалары келмейді.Ал қардың мол жаууынан көп адамдарға үйден шығу қиынға соқты.Сондықтан төтенше жағдай қызметкерлері мен еріктілердің мұндай көмегі көп балалы аналар,мүгедек жандар мен зейнеткерлер үшін баға жетпес көмек болып табылады»,-деп Семей қаласы ТЖБ Азаматтық қорғаныс тобының офицері Димаш Асқаров айтып өтті.
Студенттер өздерінің тәлімгерлері-төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге бірнеше топтарға бөлініп және күректермен жабдықтанып аулаларда жиналып қалған қарды,сарайларға дейінгі жолдарды,әжетхана жолдарын,сонымен қатар тұрғын үйлердің жүру бөліктерін тазалады.
Еріктілердің көмегі қарт және науқас азаматтардың көңіл-күйін көтереді,ертеңгі күнге сенімділікті арттырады,жан-дүниеге күш береді.Кіші буынның өзара әрекеттесуі аға буынға деген қайырымдылық пен жан тыныштығын тәрбиелеуге өз әсерін тигізеді.
Атқарылған жұмыстан кейін ерікті студенттер ауыл тұрғындарынан көрсеткен қамқорлықтары мен көңіл бөлгендері үшін алғыс сөздерін естіді.Семей қаласы ТЖБ мен еріктілердің ұйымдастырылуымен өткен аулаларды қардан тазалау акциясы міндетті түрде өз жалғасын табады.
ШҚО ТЖБ Семей қаласы ТЖБ