USD443.85EUR474.3RUB4.8

Тимур Сүлейменов – Абай облысында

05 желтоқсан 2022, 09:32
Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған арнайы комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов және Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласындағы ЖЭО қазандықтарындағы мәселелерімен танысты.
Тимур Сүлейменов – Абай облысында

Семей қаласының жылу көздерін аралаудан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаевтың, орталық орган басшыларының, әкімдердің қатысуымен кеңес өтті. Жиынға, қалалар мен аудандардың, басқармалар мен коммуналдық кәсіпорындардың, сондай-ақ энергетикалық кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселе:Абай облысында жылу беру маусымына дайындық барысы.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша менің жетекшілігіммен республикада орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі қызметін тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

 

Комиссия құрамына Бас прокуратураның, Жоғарғы есеп палатасының, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Президент тапсырмасы бойынша комиссия өз жұмысын он күн ішінде нақты қорытындылары мен ұсыныстарымен аяқтауы керек. Абай облысы күрт континенттік климаттық аймақтар санатына кіреді. Тиісінше, мұндағы қыс ұзаққа созылады, сонымен қатар облыста жылу желілерінің жоғары деңгейде тозуы байқалады, бұл төтенше жағдайлардың белгілі бір қаупін арттырады», - деді Тимур Сүлейменов.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar