USD449.58EUR486.94RUB4.86

Қазақстан – Ресей. ХҮІІІ аймақаралық ынтымақтастық форум

30 қараша 2022, 11:00
Нұрлан Ұранхаевтың Қазақстан мен Ресей арасындағы ХVIII аймақаралық ынтымақтастық форумында жасаған баяндамасынан маңызды тезистері.
Қазақстан – Ресей. ХҮІІІ аймақаралық ынтымақтастық форум

"Трансшекаралық ынтымақтастық – экономикамыздың драйверлерінің бірі. Бұл біздің бүкіл тауар айналымының үлкен бөлігін құрайды және біз ынтымақтастығымызды белсенді дамытуға дайынбыз.

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығындағы кезеңде біздің облыстың жалпы тауар айналымының 95 пайызы немесе 500 миллион АҚШ доллары Ресей Федерациясының өңірлерімен шекаралық сауда арқылы қамтамасыз етілген.

Трансшекаралық ынтымақтастықтың маңызды құрамдас бөлігі бірлескен кәсіпорындардың қызметі болып табылады. Облыста Ресейдің қатысуымен 130-дан астам компания жұмыс істейді. Бұл цифрларға тоқталмай, осындай кәсіпорындардың санын көбейту жолында жұмыс істеу маңызды.

Іскерлік ынтымақтастықтың сәтті мысалы ретінде аймақта ресейлік капиталдың қатысуымен ірі өнеркәсіптік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды айтуға болады. Бұл «Полиметалл» ААҚ, қазірдің өзінде олар салған инвестиция көлемі 200 млрд теңгеге жетті. «Русская Медная Компания» тобы жалпы құны 570 млрд теңгені құрайтын тау-кен байыту комбинатының құрылысы мен Айдарлы мыс кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, ресейлік серіктестер машина жасауды дамытуға атсалысуда. Облыс аумағында «СемАЗ» кәсіпорны базасында 11 миллиард теңге инвестиция тарту арқылы ГАЗ маркалы көліктерге арналған жинақтауыштарды шығару жобасы жүзеге асырылуда.

Өңіраралық ынтымақтастықтың маңызды аспектісі дәстүрлі түрде екі мемлекеттің экономикасының негізгі секторы болып табылатын энергетика саласын айтуға болады.

Біз Семей қаласында қуаттылығы 1200 Гкал болатын жаңа жылу электр орталығының құрылыс жобасы бойынша жұмысты бастадық. Ресей энергетиктерінің үлкен әлеуеті мен жинақталған құзыреттерін ескере отырып, біз олардың жобаға қатысуын талқылауға дайын екенімізді білдіреміз.

Біз ресейлік серіктестерімізді тау-кен және машина жасау салаларында әлеуеті зор аймақтағы жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамыз.

Біз өз тарапымыздан серіктестерімізге барынша қолайлы жағдай жасауға дайынбыз.

Сондай-ақ, Семей әуежайының әлеуетін одан әрі дамыту және кеңейту, оған бұрын болған әуе айлағы мәртебесін қайтару жобасы пысықталуда. Біз Ресей қалаларымен тікелей жолаушы және жүк рейсін ашу мәселесін талқылауға дайынбыз.

Тасымалдау динамикасын ескере отырып, ұзындығы 270 шақырымды құрайтын «Аягөз-Бақты-Қытай шекарасы» теміржол учаскесінің құрылысы жобасының жүзеге асырылуы өте тиімді болып көрінеді. Жоба Қазақстан және РЕсей темір жолдарының тікелей қатысуымен инфрақұрылымды, оның ішінде «құрғақ портты» салуды көздейді. Жоба аяқталып, Қытай Халық Республикасымен 3-ші теміржол өткелі ашылғанда инфрақұрылымдық қуаттылық жылына 20 миллион тонна жүк тасымалына артады.

Өңіріміздің ерекше табиғи-климаттық жағдайы және 9 млн га ауылшаруашылық алқаптары агроөнеркәсіп саласының дамуына ықпал етуде. Біздің облыстың мал шаруашылығы саласында Қазақстандағы жетекші орындардың бірін алатынын мақтан тұтамыз. Бүгінгі таңда ірі қара, қой, ешкі саны 2 миллион басты құрайды.

Ертіс өзенінде тереңдету жұмыстарын бірлесіп жүргізу қажет деп санаймыз. Бұл мәселелерді шешу біздің елдеріміз арасындағы жүк және жолаушылар тасымалының еселеп артуына әсер етіп, Қазақстан мен Ресей аймақтарының дамуына өз әсерін тигізеді.

Ал Абай облысы үшін Азия мен Еуропаны байланыстыратын көпір және маңызды көліктік хабқа айналуға мүмкіндік береді".

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar