
Қағидалардың күші мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй аумақтарында, сондай-ақ саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды.
Негізгі мақсаты:
экологиялық тепе-теңдікті сақтау;
оңтайлы температуралық режимді, оның ішінде жазғы кезеңде сақтау;
ауа ылғалдылығын сақтау;
ластанған ауаның адсорбциясы (пайдаланылған газдар);
белгілі бір аумақта ластануды және теріс әсердің басқа да нысандарын сіңіру, тазарту, өзге де жою;
сәндік-эстетикалық, сондай-ақ қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру.
Қағидалар меншік нысанына қарамастан Абай облысының аумағында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы қатынастарды айқындайды және реттейді
Абай облысының аумағында жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.