
Таңертеңгі сағат 7-де қалада 149 сайлау учаскесі дауыс беруге кірісті. Оның 19–ы жабық, 22 - сі ауылдық округтерде орналасқан.
Осы учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 232 мыңнан сәл асты.
Жабық сайлау учаскелері қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі және т. б. азаматтар үшін жұмыс істеді.
Сондай-ақ, қалада мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдалана алуы үшін жағдайлар жасалған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде дауыс беруі үшін, учаскелік комиссияның жұмысы ұйымдастырылған.
Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасты.