«Сағат 12-дегі жағдай бойынша облыста 182 456 адам дауыс берді, бұл облыс бойынша сайлаушылардың жалпы санының 43,6% - құрайды», - деп хабарлады Абай облысының аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Әсет Ерғазин.
Айта кетерлігі, президенттік сайлауда алғашқылардың бірі болып Абай Құнанбайұлының ұрпағы және туған өлкесінің дамуына баға жетпес үлес қосқан ауыл тұрғындары арасында құрметті ақсақал 85 жастағы Манатай Балтақайұлы өз дауысын берді.
«Біздің міндетіміз - маңызды таңдау жасау, жастарға үлгі болып патриотизм мен жауапкершілікке тәрбиелеу. Біз еліміздің болашағы үшін жауаптымыз, сондықтан мен бүгінгі сайлауға қатысамын», - деді ақсақал.
Ал Семейде №256 сайлау учаскесінде азаматтарды Қазақ батырлары қарсы алды, ал ұлттық киім киген әжелер баршаға бауырсақтан дәм татуға шақырды. Бұл сайлау учаскесі қалалық мәдениет үйінің ішінде орналасқан. Өз дауысын бергеннен кейін сайлаушылар алпауыт батырлармен және әжелермен суретке түсті.
Айта кетейік, Семейде дауыс беру 149 сайлау учаскесінде өтті.
Сайлау күні Абай облысында таңғы сағат 8-ге 10 сәби дүниеге келді.
Оның 7-і қыз, 3-і ұл бала.
Өз таңдауын «Бүркіт» Шығыс Алтай федерациясының төрағасы Тәттімбет Кәпұлы жасады. Оның сайлау учаскесі Үржар ауданы Көкөзек ауылында орналасқан.
«Мен өзім Моңғолияда дүниеге келдім, Қазақстанға 1991 жылы - Тәуелсіздік алған жылы көшіп келдім. Содан бері елде көптеген өзгерістер болды. Бүгінде Қазақстан - әлеуеті зор мемлекет. Бүгін сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасау өзімнің азаматтық борышым деп санаймын», - дейді Тәттімбет Кәпұлы.