USD524.65EUR552.19RUB5.14

Облыста ведомствоаралық комиссиялар құрылды

21 қараша 2022, 10:22
Абай облысы әкімдігінің жанынан ведомствоаралық комиссиялар құрылды.
Облыста ведомствоаралық комиссиялар құрылды

Құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялардың, жер комиссиясының және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі штабтың құрамы бекітілді.

Абай облысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссиялар құрылды. Абай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында жеке құрамы бекітілді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия-құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша атқарушы, құқық қорғау және өзге де мүдделі органдардың қызметін ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігі жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультативтік - кеңесші орган.

Сондай-ақ, Абай облысының нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі штабтың ережесі бекітілді.

Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штаб - облыс әкімдігінің нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру саласындағы консультативтік-кеңесші органы.

Штаб қызметінің негізгі мақсаты-нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру.

Аталған комиссиялар мен штабтың құрамына мемлекеттік органдардың басшылары мен қоғам белсенділері кіреді.

Жергілікті өкілді органның депутаттары; облыстың уәкілетті органының өкілдері, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қоғамдық кеңестердің, мемлекеттік емес ұйымдардың және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері; ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретін жер комиссиясының құрамы да бекітілді.

Комиссия өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін (өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін; бірлескен барлау және өндіру бойынша; барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану бойынша), магистральдық құбырларды салу (реконструкциялау) үшін жер учаскелерін беру мәселелерін қарайды.

Сондай-ақ, уәкілетті орталық мемлекеттік органдардың келісімі бойынша қорғаныс және Ұлттық қауіпсіздік мұқтаждары үшін жер учаскелерін беру мәселелері.

Жер комиссиясы тұрақты негізде жұмыс істейді. Аталаған комиссия мүшелерінің саны тақ болуы және кемінде тоғыз адамды құрауы тиіс. Бұл ретте қоғамдық кеңестер, агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мемлекеттік емес ұйымдар және өзге де салалық мемлекеттік емес ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілдерінің саны жер комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде елу пайызын құрауға тиіс.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar