USD483.23EUR534.74RUB5.12

Жоғалған адамды іздеу 2 тәулікке дейін созылды

01 ақпан 2020, 09:59
20 қаңтарында кешкі сағат сегізде Семей қаласы өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары отрядының «112» қызметіне дәл сол күні шамаментаңғы сагат сегізде бір азаматтың Саржал ауылынан қыстаққа қарай шығып, сол жерге жете алмай қалғандығы туралы ақпарат келіп түсті.
Жоғалған адамды іздеу 2 тәулікке дейін созылды

Окиға орнына Семей қаласы 7-ші құтқару бөлімшесінің 5 адамнан тұратын іздестіру тобы және шаруа қожалығының иесі жіберілді, олар жоғары өтімділігі бар «Нива-Марш» автокөлігін қолданды.

Жол бойындатүнгі сағат 02 шамасында «Семей-Саржал» трассасының 111-шақырымында сынған көлікті көрді,онда 3 ер адам болған.Олардың айтуынша, олар 28 қаңтар күні сагат 18-де сынған. Қатты жел болғандықтан автокөлікте қалуға шешім қабылдады.Тас жолға ешкімді кезіктірген жоқ.

Тағы 4 –шақырым жүріп өткен соң олар тағы бір көлікті кездестірді.Онда екі ер адам болған. Құтқарушылар адамдалды Саржалға жеткізіп эвакуациялады. Артынан қыстаққа қарай іздестіру жұмыстарын жалғастырды.

Сапар барысында және іздестіру жұмыстары кезінде дала зонасында қар жауып,батыстан қатты жел соғып жоғары өтімді техниканың қозғалысын қиындатты.

29 қаңтар күні 07 сағат 20 минутта шаруа қожалығының иесі жоғалып кеткен азаматпен байланысқа шықты, ол дала аймағындва тұрғанын, бағдарынан айырылып, өзінің координаттарын көрсете алмайтындығын хабарлады. Содан кейін оның телефоны сөніп қалды. Байланысқа одан әрі шықпады.

Іздестіру жұмыстары 29 қаңтар күні қараңғы батқанңа дейін жалғастырылды. Құтқарушылар 7 қыстақты,сондай-ақ «Қаражыра» көмір разрезіне дейінгі дала аймағын тексерді.

30 қаңтар күні таңертегн іздестіру жұмыстары жалғастырылды. Құтқарушылар дала аймағын көмір разрезіне қарай тексеруді бастады.Жарты күннен кейін «Қаражырадан» шамамен 18 шақырым жерде болған құтқарушылар жоғалған азаматтың көмір разрезінен 10 шақырым жерде жұмысшы кентіне жеткендігі және медициналық жәрдем пунктінде екендігі туралы ақпрарат алды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Мүмкін болатын диагноз-қос аяғының және мұрнының үсіп қалуы.

Артынан жедел жәрдем автокөлігімен Семей қаласына жеткізілді және жедел медициналық көмек ауруханасына жатқызылды.

ШҚО ТЖД Семей қаласы ТЖБ

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

5 сағатқа жетпей
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar