Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің дәстүрлі күні Семей қаласында "Жоламан" КСО аумағында өткізіледі.
Іс-шараға облыстың 50-ден астам компаниясы мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қатысады. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне 1000-нан астам АӨК кәсіпқойлары, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің өкілдері, техниканы, минералды тыңайтқыштарды, тұқымдарды, жоғары сапалы ауыл шаруашылығы жануарларын шетелдік жеткізушілердің өкілдері қатысады.
Мамандандырылған көрме алаңында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін "Өсімдік шаруашылығы", "Мал шаруашылығы", "Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары" блоктарында заманауи технологиялардың толық циклін көрсетеді.
Іс-шара "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Қазақстан фермерлер қауымдастығының облыстық филиалдарымен бірлесіп өткізіледі.