Азаматтарды өңірдің су тасқыны қауіпсіздігі, орман өрттерінен қорғалуы, азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік қамсыздандырылуын арттыру мәселелері қызықтырды.
Жыл басынан бері ТЖД бөлімшелері төтенше жағдайлар орнына 2 800-ден астам рет шықты. Бұл ретте 138 адам құтқарылып, эвакуацияланды.
Вице-министр Абай облысына сапары барысында Төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменттерінің, 68303 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесті.
Жұмыс сапары соңында өңірдің иелігіндегі, оның ішінде төтенше жағдайларды жою жұмыстарына пайдаланылатын техникаға күрделі жөндеу жүргізетін «Семей инжиниринг» АҚ және «СемАЗ» ЖШС компаниясына, сондай-ақ «Резерв» ШЖҚ РМК «Балқаш» филиалына барды.