Жарысқа облысымыздың қалалары мен аудандарынан жиналған 300- ден аса спортшы әртүрлі салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтады.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдені 2008 жылдан бастап ЖҚАЖ қызмет ететін Семей қалалық полиция басқармасы Жедел қимыл арнайы жасағының инспекторы полиция майоры Несепбаев Еркебұлан Ахметқалиұлы жеңіп алды.
Самбодан, қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне үміткер Еркебұлан 21-22 ақпан күндері Қостанай қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында облысымыздың намысын қорғайды.
Әріптесімізді жеңісімен құттықтап, жеңістің бұдан да биік шыңдарын бағындыруға тілектеспіз.