Тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Атап өткендей, Tokyo Rope — әлемдегі ең ірі жоғары технологиялық болат арқандар мен көпірлерге арналған кабельдік құрылымдарды өндірушілердің бірі.
«Біз инвестициялық серіктестікке мүдделіміз. Өздеріңіз білетіндей, бізде көпір салу жұмыстары жүргізілуде. Семей қаласындағы аспалы көпірді күрделі жөндеу жоспарлануда, сонымен қатар жағалау абаттандырылады», - деп атап өтті өңір басшысы.