USD481.68EUR522.48RUB5

Абай облысы бойынша 475 сайлау учаскесі жұмыс істейді

17 қараша 2022, 10:53
Абай облысы бойынша 475 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның ішінде 36 учаске жабық. Облыс аумағында 486 комиссия бар, оның 1-і облыстық, 10-ы қалалар мен аудандардың комиссиялары.
Абай облысы бойынша 475 сайлау учаскесі жұмыс істейді

Дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден сағат 20:00-ге дейін өтеді.

«Сондай-ақ «басқа» және «кез келген» дауыс беру уақыты пысықталатын болады. Бұл уақыт негізінен әлеуметтік және жабық нысандарға арналған. Осындай сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің барлығы дауыс бергеннен кейін бірден аяқталады», - деді Абай облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталия Фесенко.

Сайлаушылардың тізімдері жеке тұлғаларды есепке алудың мемлекеттік базасымен пысықталып, 30 қазанда барлық сайлау учаскелеріне берілді.

Әркім өз сайлау учаскесін облыс әкімдігінің ресми сайтынан біле алады.

Сондай-ақ, толық ақпарат пен кеңес алу үшін 109 қысқа нөмірі бойынша Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

Сайлау күні өз сайлау учаскесінде болмайтын дауыс берушілер, есептен шығару талонын алып басқа сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Оларды 19 қарашада сағат 18:00-ге дейін алуға болады.

Денсаулыққа байланысты үйге портативті сайлау жәшігін ұсынуға өтініш беруге болады. Сайлау учаскелерінде сурдоаудармашылар да жұмыс істейді, Брайль кестесі бар трафареттер және нашар көретіндерге арналған үлкейткіш лупалар ұсынылады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar