Жексенбіде автобустар әдеттегі кестеге сәйкес жүреді.
Естеріңізге сала кетейік, қалада 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді, Семей қаласында сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген. Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді Семей қаласы әкімдігінің сайтында тексере аласыз.
Сайлаушыларға арналған сайлау мәселелері бойынша Сенім телефондары 8 (7222) 52-21-36; 8 (7222) 56-50-42.
Сіздерді азаматтық белсенділік танытуға және Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына белсенді қатысуға шақырамыз!
Дауыс беру мәселелері бойынша азаматтардың консультациялары үшін облыстық Сall – орталық-109 жұмыс істейді.