Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдің орта арнаулы оқу-орындарының жұмысымен танысты
Нұрлан Ұранхаев геологиялық-барлау колледжінің, геодезия және картография колледжінің, электротехникалық, сонымен қатар бизнес және сервис колледждерінің жұмысымен танысты.
Өңір басшысы оқу орындарының жұмысына оң баға беріп, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бүгінгі таңда сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға бағытталғанын атап өтті.
Өңір басшысына «Жас маман» бағдарламасы бойынша жабдықталған шеберханалар, зертханалар, оқу кабинеттері таныстырылды. Сондай-ақ, Нұрлан Ұранхаев студенттер және оқытушылармен әңгімелесіп, бүгінгі таңда осы салада қандай мәселелер бар екенін сұрады.
Сонымен қатар, облыс әкімі алдағы WorldSkills республикалық және әлемдік турнирлерінің қатысушыларымен кездесіп, оларға сәттілік тіледі.
Сапарды қорытындылай келе, Нұрлан Уранхаев өңірге түрлі салаларда жоғары білікті мамандар қажет екендігіне назар аударды.
- «Біздің қала - студенттердің қаласы. Арнайы орта білім беру біздің өңірде әрқашан үздік болатын. Ең алдымен, олар жұмысшы мамандықтары бойынша түлектерді дайындайтын. Сонымен қатар, жоғары білім алу үшін де мүмкіндік беретін. Біздің облыс жаңадан құрылды, осы себептен бізге жұмысшы мамандықтар қажет, сондықтан біз орта арнаулы мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Біздің колледждер жақсы дамуда. Замануи жабдықтар бар», - деп қорытындылады өз сөзін Нұрлан Ұранхаев.