Араға 2 ай салып ЖШС өкілдері мен облыстық мәслихат депутаты Әсемқан Досқожанов «Қарағайлы» ықшам ауданында орналасқан тұрғын үйлердің бірінен 3 бөлмелі пәтердің кілтін марқұм Айдос Тоғызбаевтың жұбайы мен балаларына табыстап, жаңа қонысымен құттықтады.
Айта кетейік, 7 қыркүйекте Жарма ауданында дала өртін сөндіру кезінде Айдос Тоғызбаевтың денесін қатты күйік шалып, қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан болатын. Айдос Тоғызбаев ол кезде 36 жаста еді. Марқұмның артында бес баласы мен жары қалды.
Еске сала кетейік, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев пен ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Айдос Тоғызбаевтың отбасына ҚР Президентінің атынан ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстаған болатын.