
Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, Семейдегі сайлау учаскелері президент сайлауын өткізуге дайындалып жатыр.
«Сайлау күні шаһар халқы 149 учаскеге барып дауыс бере алады. Оның ішінде 19-ы жабық сайлау учаскесі. Жабық сайлау учаскелері - қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі азаматтар үшін жұмыс істейді», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқығын пайдаланып, үйде дауыс бере алады.
Айта кетейік, Семейде сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген.