Кездесу барысында өңірлердің екі жақты ынтымақтастығын дамыту перспективалары талқыланды.
Красноярск өлкесі Ресей Федерациясының экономикалық дамыған аймақтарының бірі болып саналады.
Айдын Кәрімовтың айтуынша, жаңадан құрылған облыс ретінде бізге осы өлкенің даму тәжірибесі қызықты.
Сондықтан ол Абай облысының жұмыс істеп тұрған өнеркәсіптік кәсіпорындары, көліктік-логистикалық әлеуеті, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіпті жандандыру жөніндегі жоспарлар туралы ақпаратпен бөлісті.
Сонымен қатар, «Өндіріс» индустриялық аймағының аумағында бірлескен кооперациялық жобаларды құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Кездесудің қорытындысы бойынша келешекте нақты жобаларға қол жеткізу үшін жұмыс тобы құрылып, әр бағыттар бойынша толығырақ талқылау жүргізілетін болады.