
"Біз бұл жұмысты жүргіземіз. Біздің өңірде қайда демалуға болады және не көруге болады? Бұл тек Алакөл ғана емес, Бесқарағай ауданындағы Шошқалы бар. Еңлік-Кебек, Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу ескерткіштері бар. Қазақ халқында бұл екі ұлы махаббат хикаясы және ғашықтардың кешені бізде бар. Неліктен 15 сәуірде Қазақстанда Ғашықтар мерекесі тойланып жатқанда, бұл ескерткіштерде ғашықтар, некеге тұрғандар мен жас жұбайлар үшін мереке немесе фестиваль ұйымдастырмасқа? Бұл біздің бренд болуы мүмкін.
Ойкұдықта жас әртістер мен музыканттар арасында фестивальдар өткізуге болады. Бұл да есте қаларлық орын: мұнда Мұхтар Әуезов алғашқы қойылымын өткізді. Тарбағатай Елеке сазының керемет қорғандары бар, Үржарда көптеген қорғандар бар, мысалы әйгілі "Үржар ханшайымы".
Басқа аудандарда да көрсететін дүние бар – мұның бәрі туристерге қызықты болады деп ойлаймын. Мәселелер қатарында ЖЭО, мектептер мен ауруханалардың құрылысы, инфрақұрылым, өңір экономикасына серпін беретін Аягөз-Тэчен халықаралық темір жол құрылысы, Семей қаласының бас жоспары, өлкетану мәселелері айтылды.