Ағымдағы жылдың 27 қазаны мен 2 қарашасында Аягөз және Бородулиха аудандарында бірлескен кездесу өтті. Оған Абай облысы бойынша "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ филиалының директоры Ғалымжан Әбілов және медицина саласының өкілдері қатысты.
Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері өңірде МӘМС іске асыру барысы туралы, ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі ауылдық жерлерде медицинаны дамыту жоспарлары туралы, сондай-ақ медициналық мекемелерді жабдықтармен жарақтандыру туралы айтып берді.
Өз кезегінде, Абай облыстық медициналық сақтандыру Қоры филиалының директоры Ғалымжан Әбілов МӘМС-тің басым бағыттары және ауыл тұрғындары үшін МӘМС активтерімен қаржыландырылатын медициналық қызметтер туралы айтып берді. Қор басшысы Қазақстанда осы жылдың 5 қыркүйегінен бастап жұмыс істей бастаған сақтандырудың жаңа балама әдісіне егжей-тегжейлі тоқталды.