Сондай-ақ, қоғамдық қор орталықтың қабырғасында психикалық кемістігі бар балаларға арналған бейімделген футбол және инклюзивті хореография бойынша тегін секцияларды ұйымдастыру мақсатында "Жарқын болашақ" даму орталығымен ынтымақтастық туралы меморандум жасауды жоспарлап отыр.
Әр секцияда жаттығулар аптасына екі рет өтеді, әр топ 10 баладан тұрады. Жыл бойғы жаттығулар балаларға физикалық және психикалық денсаулықты жақсартуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және әлеуметтік оқшаулануды жеңуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, "ерекше" жоба аясында Абай облысының балалары алғаш рет спорттық жарыстар мен би байқауларына қатыса алады, олардың үздіктері 2023 жылдың маусым айында Астанада өтетін "ChildrenParalympicGames" инклюзивті спорт фестивалінде өз облысының намысын қорғайды.
Жоба аясында "ерекше" балалармен жұмысқа тартылған жаттықтырушылар бейімделген дене шынықтыру бойынша тегін оқытудан өтеді, сабақтарды ұйымдастыру үшін оқу-әдістемелік сүйемелдеу мен арнайы спорттық құрал-жабдықтар алады.
Жаттықтырушылардың еңбекақылары, оларды бейімделген дене шынықтыру бойынша біліктілігін арттыру, секцияларды арнайы спорттық жабдықтармен және оқу-әдістемелік бағдарламалармен қамтамасыз ету жөніндегі барлық шығыстарды "Саламатты болашақ" әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде "Тең мүмкіндіктер әлемі" ҚҚ көтеретін болады.