USD460.43EUR501.04RUB6.65

Мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығы аясында Құсбегіліктен І Әлем чемпионатының салтанатты түрде жабылуы болды

07 қараша 2022, 17:50
Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков арнайы қатысып, облыс әкімінің құттықтауын жеткізді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің 30 жылдығы аясында Құсбегіліктен І Әлем чемпионатының салтанатты түрде жабылуы болды

Үржар ауданында ұйымдастырылған мән-мағынасы ерекше шараға 6 шет мемлекеттерден және ұлан-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінен 100-ге тарта Құсбегілер қатысып, өз бақтарын сынады.

Бүркіт жарысы бойынша жүлделі1 орынға Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы), 2 орынға Нұғман Өмірбек (Абай облысы), 3 орынға Өркен Бәйтілкәріпұлы (Моңғолия), Тастанбек Байрақ (Астана қаласы);

Қаршыға жарысы бойынша жүлделі 1 орынға Сейтжан Бексұлтан (Алматы облысы), 2 орынға Серікбек Ерасыл (Астана қаласы), 3 орынға Салават Айтбекұлы (Қырғызстан), Айшуақ Тайманов (Маңғыстау облысы);

Ителгі жарысы бойынша жүлделі 1 орынға Таңат Оспанқұлов (Қарағанды облысы), 2 орынға Ерлан Сандыбай (Түркістан облысы), 3 орынға Мұрат Налват (Түркия), Кеуенов Бағдат (Түркістан облысы);

Тазы жарысы бойынша 1 орынға Аманбек Дүкенов (Абай облысы), 2 орынға Жандос Озатов (Абай облысы), 3 орынға Аманбек Дүкенов ие болып, арнайы Дипломдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

1 сағатқа жетпей
Кеше 16:18
25 қаңтар 2023, 12:39
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2023
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar