USD481.68EUR522.48RUB5

Абай облысында ауылшаруашылығы тауарын өндіру саласын дамытудың әлеуеті зор

04 қараша 2022, 10:13
Бұл жайында ҚР сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев Абай облысына келген сапарында айтты.
Абай облысында ауылшаруашылығы тауарын өндіру саласын дамытудың әлеуеті зор

Жұмыс сапары аясында Арман Шакқалиев, минстірлік өкілдері және Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов көкөністер: картоп, сәбіз, пияз, қызылша және қырыққабат өсіру бойынша өңірлік көшбасшы болып табылатын «Агрофирма «Приречное» ЖШС-де болды.

Шаруашылықта барлық қажетті ауыл шаруашылығы техникасы, суару жүйесі және 14 мың тоннаға арналған көкөніс қоймасы бар. Ауыл шаруашылығы кәсіпорны жыл сайын 7-9 мың тонна картоп, 2 мың тонна сәбіз, қырыққабат және пияз өндіреді.

Сондай-ақ, бірінші вице-министр 2 148 сауда орнына есептелген "Ақшың" базарының жұмысымен танысты.

Бірінші вице-министр сонымен қатар Абай облысының тұрғындары және кәсіпкерлерімен кездесті. Олар министрлік өкілдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастыру, азық-түліктің қолжетімділігін қамтамасыз ету және кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік қолдау шаралары және т. б. мәселелері бойынша сұрақтарын қойды.

Бірінші вице-министр атап өткендей, үкімет қазір тауар өндірушілерге қаражат тікелей түсуі үшін "айналым" схемалары бойынша қаржыландыру бөлу тетіктерін өзгертуде. Тауар өндірушілер өз кезегінде шикізат пен өнімді төмен бағамен сатып ала алады. Бұл, әсіресе, маусымаралық кезеңде негізгі азық-түлік тауарлары бағасының күрт өсуіне жол бермейді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar