
"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шет елдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 млн доллардан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзивті асыл тастар мен зергерлік бұйымдар орнатылып, елге қайтарылды", - деп хабарлады Антикор.
Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 млн доллар салғанын анықтады. Бұл сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заңсыз әкетілген капиталды іздеу және елге қайтару жалғасуда.