Бұдан басқа, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған 2 519 отбасына 37817,2 мың теңге (15000 теңгеден) сомасына біржолғы көмек көрсетілді. Мүгедек 523 балаға 73857 мың теңге сомасына үйде оқытуға жұмсалған шығындар өтелді.
Атаулы күндерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен 30 мыңнан астам азаматқа біржолғы және ай сайынғы көмек түрінде әлеуметтік төлем төленді.
Бұдан басқа, әлеуметтік қызметкерлер стационар, жартылай стационар жағдайында, үйде және уақытша болу ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Қазіргі уақытта облыста 18 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Оның ішінде стационар жағдайында 5, жартылай стационар жағдайында 8, үйде қызмет көрсету жағдайында 11 орталық бар.
Бүгінгі таңда мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтермен 5 мыңнан астам адам қамтылған.