USD484.37EUR531.06RUB5.05

Сайлау: дауыс беру күнінде Брайль шрифтімен трафареттер қолданылады

02 қараша 2022, 11:33
- Осы жылдың 20 қарашасында өтетін кезектен тыс президент сайлауында Брайль шрифтімен трафареттер қолданылады. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сайлау: дауыс беру күнінде Брайль шрифтімен трафареттер қолданылады

«2022 жылғы 22 қыркүйекте жүргізіліп жатқан жұмыстарды жетілдіру мақсатында ЕҚЫҰ ДИАҚБ сарапшыларымен онлайн-консультация өткізілді. Мүгедектігі бар адамдар үшін қолайлы жағдай жасау үшін халықаралық стандарттар мен ЕҚЫҰ елдерінің үздік халықаралық тәжірибесі егжей-тегжейлі қаралды», - деді ол Орталық сайлау комиссиясы жанындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысында.

Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы жұмыс тобы мүшелерінің, мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің мүгедек адамдардың тарапынан сайлау құқықтарын қамтамасыз етуге қатысты келіп түскен ұсыныстарын зерделеді. Барлығы 30-ға жуық ұсыныс түсті. Олардың кейбіреуі дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру, сондай-ақ мүгедек азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа еріктілерді, ым-ишара тілі мамандарын тарту мәселелерін жан-жақты қарастырады.

«Брайль шрифтін пайдалана отырып, көру қабілеті бұзылған адамдар үшін трафареттерді әзірлеу туралы ұсыныс ескерілді», - деді Анастасия Щегорцова.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar