USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға 76 шетелдік байқаушы тіркелді

01 қараша 2022, 10:00
- Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден байқаушыларды аккредиттеп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандағы президент сайлауын бақылауға 76 шетелдік байқаушы тіркелді

«22 қыркүйекте кезектен тыс президент сайлауын халықаралық байқау институты ашылған сәттен бері ҚР Орталық сайлау комиссиясы 4 халықаралық ұйым мен 3 шет мемлекеттен жалпы 76 байқаушыны аккредитациядан өткізді. 31 қазандағы жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына Сыртқы істер министрлігінен 4 халықаралық ұйым мен 5 шет мемлекеттен 63 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман бүгінгі ОСК отырысында.

Оның айтуынша, 4 халықаралық ұйымнан 54 байқаушы аккредиттеу үшін ұсынылды, оның ішінде ТМД – 31 байқаушы, ТМД қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан – 10 байқаушы, Ислам ынтымақтастық ұйымынан – 3 байқаушы, ҰҚШҰ Парламенттік ассамблеясынан – 10 байқаушы бар.

5 шет мемлекеттен 9 кандидатура, атап айтқанда Армениядан - 2, Мажарстаннан - 2, Молдовиядан екеу, Ресейден екеу және Швыециядан – 1 байқаушы аккредиттеуге ұсынылды.

Аккредиттеу үшін келіп түскен ұсыныстарға қарай, байқаушылар жөніндегі деректер жаңартылып отырады.

Бұған дейін ОСК президент сайлауында дауыс беруге арналған бюллетеньді таныстырған еді.

Сонымен бірге, 4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar