USD484.37EUR531.06RUB5.05

Астана митрополиті Абай облысында болды

31 қазан 2022, 17:55
Жұмыс сапарымен Семей қаласына Қазақстанның Православ шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр келді.
Астана митрополиті Абай облысында болды

Қазақстан Митрополиттік округінің басшысы жексенбілік мектеп ғимаратында «Семипалатинск в годы лихолетья» атты көрмесінің ашылу салтанатына қатысып, шіркеуде литургия өткізді.

Бүгін митрополит Александр Абай облысының әкімі Нұрлан Уранхаевпен кездесті.

- Қонақжай Абай жеріне қош келдіңіз! Православ қауымымен бірге Сіздің сапарыңызды біздің облыстың барлық тұрғындары үлкен құрметпен қабылдайтынын көру қуантады. Бізде, еліміздің барлық аймақтарындағыдай түрлі этностар мен дін өкілдері тату өмір сүруде. Біз бәріміз Рождество мен Рамазанды, Қасиетті Пасха мен Құрбан айтты құрметпен атап өтеміз. Бұл мерекелер бәріміз үшін үлкен сүйіспеншіліктің сабағы. Мемлекет басшысының салмақты және дана саясатының арқасында Қазақстан түрлі діндердің "достық көпірі" деп танылды. Бұған әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің өткізілуі дәлел бола алады, - деп айтты Нұрлан Уранхаев.

Өз кезегінде Александр Астанайский Нұрлан Уранхаевты және тұрғындарды облыстың құрылуымен құттықтап, жаңа өңірдің барлық салада белсенді дамитынына сенетінін атап өтті. Сондай-ақ, митрополит Александр біздің аймақтағы Православ шіркеуінің тарихы туралы да айтып берді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar