Қазір колледжде 180-нен астам студент оқиды. Оқу орны қызметкерлерінің штаттық саны 80-ге жуық адам.
Колледж 1976 жылы салынған. Мұнда оқу ғимараты, спорт залы, зертханалық ғимарат, жатақхана, асхана және акт залы бар.
Аймақ басшысына ғимаратты жөндеу, материалдық – техникалық базаны жаңарту және студенттер үшін қосымша жатақхана салу қажеттігі туралы айтылды. Тиісінше, қаржыландыру қажет.
Ақсуат ауданына сапары барысында облыс әкімі Ақсуат ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айының соңында аяқталды.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, мұнда 5 жолақты үлкен бассейн бар.