Халықпен кездесу барысында өңір басшысына ауданда жүргізілген жұмыстар туралы айтылды. Сондай-ақ, тұрғындар ауылдық жерлерді дамытуға, жас мамандарға және бизнесті дамыту саласында мемлекеттік қолдау көрсетуге қатысты сұрақтар қойды.
Сонымен қатар, Нұрлан Ұранхаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, сұрақтарға жауап берді.
Аймақ басшысы алдағы кезектен тыс Президент сайлауы бойынша Ақсуат ауылының мәдениет үйінде орналасқан № 935 сайлау учаскесінің дайындық жұмыстарымен де танысып өтті.