USD484.37EUR531.06RUB5.05

Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

31 қазан 2022, 10:36
Сіздерге ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін адамдардың проблемалары жүктелген.
Құрметті әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері, кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Осы жауапты жұмыстарыңыз тек еңбекқорлық пен адалдықты ғана емес, сонымен бірге сезімталдықты, үлкен шыдамдылықты қажет етеді.

Сіздердің қамқорлықтарыңыз бен қолдауларыңыз мұқтаж адамдарға сенімділік береді, өмірдің қиын сынақтарын еңсеруде күш қосып, демеу болады.

Абай облысында әлеуметтік қорғау жүйесінде 2 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның 642-сі әлеуметтік қызметкер.

Әлеуметтік сала мамандарына ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін адамдардың проблемалары жүктеледі.

Қарттар мен мүгедектігі бар адамдардың, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың, жұмыссыздардың және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарының жағдайын жақсартуға қосып жатқан үлестері өлшеусіз.

Сіздердің еңбектеріңіз облысымыздың тұрақты дамуына ықпал етіп, барлық бастамаларыңыз әрқашан сәтті болсын!

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

03 қазан 2024, 10:50
27 қыркүйек 2024, 10:07
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar