USD474.83EUR515.38RUB5.5

Дәрігерлік амбулаториялар ашу жоспарланған

31 қазан 2022, 10:24
Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы аясында, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін одан әрі жақсарту үшін Көкпекті ауданында Шәріптоғай, Мамай, Биғаш, Қарамойыл, Үшкөмей, Үлгілі малшы ауылдарында 6 жаңа дәрігерлік амбулатория ашу жоспарланған.
Дәрігерлік амбулаториялар ашу жоспарланған

Бұл туралы Абай облысының әкімдігі Көкпекті ауданының тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.

- Орын тапшылығы – 9 мың 824 орын. Осы мәселені шешу мақсатында 5 мың 100 орынға арналған 9 мектеп салу жоспарлануда. Ағымдағы жылы 1700 орындық 4 жаңа мектеп іске қосылды.

- Облыс бойынша кәсіпкерлікті дамыту бағытында да оң өзгерістер бар.

Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны– 45 907 болса, оның 1300-і Көкпекті ауданының аумағында орналасқан.

Облыстағы бөлшек тауар айналымының көлемі 18%-ке ұлғайып, 284,2 млрд.теңгені құрады. Көкпекті ауданы бойынша бұл көрсеткіш – 2,5 млрд. теңге. Облысымыз - аграрлық аймақ. Осы саладағы қордаланған мәселелерді шешіп, өңірдің бәсекеге қабілетін арттыратын болсақ, өзімізді де, өзге өңірлерді де ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етуге толық мүмкіндігіміз бар.

Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, өткен жылмен салыстырғанда, 18,3%-ке, яғни 266 млрд.теңгеден 314,4 млрд. теңгеге дейін өскен.

Ауданның үлесі –7,3%. Мал басының өсімі, ет, сүт, жұмыртқа өндіру көрсеткіші біршама артып келеді.

Көкпекті ауданында тұрғындармен кездесуде айтылды

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar