USD474.83EUR515.38RUB5.5

Жеңімпаз облыс логотипі жазылған киімдер тіктіруді жоспарлауда

31 қазан 2022, 10:07
«Абай облысының үздік логотипі пен брендбук» байқауының жеңімпазы жүлде қаражатына балалар үйінің тәрбиеленушілеріне киім тіктірмек.
Жеңімпаз облыс логотипі жазылған киімдер тіктіруді жоспарлауда

Демеушілер қаражатынан құралған 1 млн теңгені иеленген байқау жеңімпазы, Семей қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне облыс логотипі жазылған киімдер тіктіруді жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Абай облысының үздік логотипі мен брендбук байқауы 1 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтті. Оған қатысу үшін барлығы 28 автордан 47 жұмыс келіп түсті.

Құрамына қоғам, өнер, БАҚ және Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері енген комиссия мүшелері ашық дауыс беру арқылы «Семей коркем» жарнама агенттігінің жұмысын үздік деп таныды.

Комиссия құрамына елге белгілі азаматтар мен облыс таңбасын зерделеуді қамтитын сала өкілдері енгізілді. Олардың қатарында: Абай облысы қоғамдық Кеңесінің төрағасы - Мейрамхат Қарибекұлы Айнабеков, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері - Нұрбулан Нұғманұлы Утепбаев, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің директоры - Татьяна Александровна Стромская, «Ақ Ертіс» қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің төрағасы - Валерий Иванович Караваев, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысы – Айдар Маратұлы Ибраев, «Alpress Media» ақпараттық агенттігінің бас редакторы, Абай облысы қоғамдық Кеңесінің мүшесі - Мұрат Елеусізұлы Сүлейменов, Семей қаласы мәслихатының депутаты - Анатолий Дмитриевич Калинкин бар. Комиссия төрағасы болып Абай облысы әкімінің орынбасары - Шалқар Заманбекұлы Байбеков, комиссия төрағасының орынбасары ретінде Абай облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы – Айдар Серікқазұлы Садырбаев бекітілді.

Жұмыстың негізгі идеясы – нақты негізделген геометриялық сызықтары бар стильді және заманауи логотип. Жазу атрибуттарын қолдана отырып, білім мен мәдени ағартушылыққа баса назар аударылды.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar