USD474.83EUR515.38RUB5.5

Абай облысы бойынша қанша адам МӘМС жүйесінде алдын ала бір жылға сақтандырылған?

28 қазан 2022, 13:00
2022 жылғы қазандағы жағдай бойынша Абай облысы бойынша 115 841 азамат сақтандырылмаған. Осыған байланысты әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры өңір тұрғындарына сақтандырылған тұлға мәртебесінде медициналық қызметтердің толық спектрін алу үшін төлемнің жаңа балама әдісін пайдалануды және МӘМС жүйесінде сақтандыруды ұсынады.
Абай облысы бойынша қанша адам МӘМС жүйесінде алдын ала бір жылға сақтандырылған?

Сақтандыру мәртебесін алудың жаңа механизмін енгізу - МӘМС жүйесіндегі көпшілік күткен және тиімді өзгерістердің бірі.

Биылғы жылдың 5 қыркүйегінен бастап бір жыл бұрын алдын ала сақтандырылу мүмкіндігі пайда болды. Бұл тұрғыда өткен 12 айдың қарызын өтеу міндетті емес.

Бұл жаңашылдықты Республикада 2,6 мыңнан аса азамат пайдаланып үлгерді. Олар бұл бастаманы оң бағалауда.

ФМС КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының директоры Ғалымжан Әбіловтың айтуынша, жаңа механизм бойынша алдын ала бір жылға сақтандыру мәртебесін алу үшін әр айға жеке-жеке 3 000 теңгеден, яғни 12 төлем жасау керек. 12 айға 36 000 теңге шығады.

Бұдан бөлек, ескеретін жайт, 12 айға бір төлеммен аударуға болмайды. Себебі жүйе әр айды бөлек есептейді.

МӘМС жарналарын екінші деңгейдегі кез келген банк, банктердің мобильді қосымшалары, жылдам төлем терминалдары және «Қазпошта» филиалдары арқылы төлеуге болады.

Егер МӘМС жүйесіндегі медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесі ағымдағы айдан бастап керек болса, онда ағымдағы айды қоса алғанда, жарналарды 12 ай үшін төлеу қажет.

Егер мәртебе алдағы кезеңге қажет болса, онда жарна алдағы айдан бастап төленеді.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы төлемдерді 2-3 күн ішінде өңдейді. Мәртебе 3 жұмыс күні ішінде пайда болады.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar