USD523.58EUR549.71RUB5.01

Семейлік зияткерлер авторлық құқыққа ие болды

28 қазан 2022, 12:29
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы оқу орынындағы 9 сынып оқушылары кезекті авторлық құқыққа қол жеткізген.
Семейлік зияткерлер авторлық құқыққа ие болды

Авторлық құқық иелері Мирас Айтбек пен Даниял Молдыбеков бірлесе еңбектенулерінің арқасында Абай өңірінің мәдени-тарихи мұрасы бойынша интерактивті карта әзірледі. Аталған карта арқылы саяхатшылар қасиетті өлкенің тарихи орындары арқылы 3 тілде ақпарат ала алады.

"Картамыз әзірге макет түрінде жасалды. Дегенмен, саяхатшыға қажетті ақпараттың барлығын қамтыдық деп айта аламын. Неге десеңіз, Семей –Қарауыл күре жолынан бастау алатын карта маршрутында Күшікбай асуынан Бөрілідегі М.Әуезов мұражай-үйі, Қасқабұлақ, Ойқұдық, Еңлік-Кебек үңгірі, Ералы жазығы, Әйгерім қыстауы, Жидебайдағы мемориалды кешенге дейінгі тарихи-мәдени орындар жайлы мол мағлұмат береді. Біздің картамыздың артықшылығы – саяхатшыға ыңғайлы болу үшін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ақпараттар жүктелді. Ал осы ақпараттарды оқымай, тыңдағысы келетіндер үшін аудио жазба енгіздік. Демек, өзіне керекті ақпаратты әртүрлі әлеуметтік желіден іздеудің қажеті жоқ. Барлығы бір жерге топтастырылған біздің картаны пайдаланса болғаны" - дейді жоба авторларының бірі Мирас Айтбек.

Оқушылар болашақта карта макетін толыққанды сайтқа айналдырып, оның ғаламторсыз жұмыс жасауына жағдай тудыруды мақсат етіп отыр.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar