USD523.58EUR549.71RUB5.01

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ана мен баланың мәселелері және оларды шешу жолдары бойынша сала мамандарына тапсырма берді

28 қазан 2022, 12:16
Үкімет бақылауындағы ана мен бала өлімінің индикаторлары ҚР-ның 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткіші болып есептеледі.
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ана мен баланың мәселелері және оларды шешу жолдары бойынша сала мамандарына тапсырма берді

Бұл орайда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың қатысуымен Ана мен бала өлімін төмендету бойынша шұғыл шаралар қабылдау жөніндегі облыстық штабтың алғашқы отырысы өтті.

Штаб отырысынан соң облыс әкімі сала мамандарымен бірге Семей қаласындағы балаларды оңалту, ерте араласу, медициналық-генетикалық кеңес орталығы мен облыстық перинаталдық орталық жұмысымен танысты.

Балаларды оңалту орталығында 3 жастан 18 жасқа дейін және ерте араласу орталығы туғаннан 3 жасқа дейінгі Семей, Абай ауданы, Аягөз ауданы, Бесқарағай ауданы, Бородулиха ауданы, Жарма ауданы, Үржар ауданы, Көкпекті ауданы және Курчатов қаласының балаларына 86 қызметкер медициналық көмек көрсетеді. Мұнда баланы қарауға күніне 100-ге тарта өтініш түседі.

Ал облыстық перинаталдық орталық жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге стационарлық және стационарды алмастыратын нысанда мамандандырылған көмек береді.

Мұнда тәулік бойы 220 төсек орын, 80 стационарды алмастыратын төсек орын жабдықталған.

Аталған мекемелердің жұмысымен толық танысқан соң облыс әкімі қалалар мен аудандардың әкімдеріне сондай-ақ сала басшыларына:

Босанғанға дейінгі жоғары қауіпті жүктілік тобындағы әйел адамдарды пансионатқа жатқызуды және оларды тасымалдауды облыстық деңгейде қамтамасыз етуді;

Босандыру мекемелерінің жас дәрігерлері мен медициналық қызметкерлерін ынталандыру және әлеуметтік қолдау мүмкіндігін қарастыруды;

Денсаулық сақтау және білім басқармаларымен бірлесіп, кадрлар даярлауға арналған гранттарды ұлғайту мүмкіндігін қарастыру, босандыру және балалық шақ қызметтерін медицина қызметкерлерімен жасақтау жөнінде шаралар қабылдауды;

Үржар ауданы мен Ақсуат ауданы ауруханаларының перзентханалық бөлімшесін перинаталдық көмектің 2-ші деңгейіне ауыстыру мәселесін қарастыруды;

Семей қаласының БСМП базасында жүктілік және босану кезінде ауыр жағдайға ұшыраған баласы бар әйелдерді емдеуге жатқызу үшін оңалту төсектерін ұйымдастыру мәселесін қарастыру, ультрадыбыстық пренатальды скринингті жүзеге асыратын дәрігерлердің біліктілігін арттыру арқылы жүкті әйелдерді сапалы пренатальды скринингпен қамтуды ұлғайту жөніндегі шараларды қамтамасыз ету, мекемелердің арнайы мамандармен және медициналық жабдықтармен жарақтандырылуын тапсырды.

Бұдан бөлек облыс әкімі медицина саласы басшыларына экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп шетелдік және республикалық клиникалардағы басым тақырыптар бойынша медицина персоналының біліктілігін арттыруға қосымша қаражат бөлуді қарастыруды тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы тамызда Абай облысында ана мен бала өлімін төмендету жөніндегі 2023-25 жылдарға арналған Жол картасы әзірленіп, бекітілді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar