USD474.83EUR515.38RUB5.5

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Восход және Водный кенттеріндегі жол қауіпсіздігін тексерді

27 қазан 2022, 14:19
Өткен аптада Восточный, Водный, Восход кенттерінің тұрғындарымен кездесу кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты көптеген шағымдар айтылған.
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Восход және Водный кенттеріндегі жол қауіпсіздігін тексерді

Тұрғындардың шағымдары негізінде қала әкімі полиция басқармасымен бірлесіп Водный кентіндегі "Протока" аялдамасының жанындағы жол учаскесінде 40 км/сағ жылдамдықпен шектелген жаяу жүргіншілер өткелдері мен жол белгілерін орнату мәселесін пысықтауды тапсырды.

Бұдан басқа, Водный, 14 ауданында еріген және жаңбыр суларының кедергісіз ағуы және өтуі үшін арық желілерін тазарту тапсырылды. Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов жаяу жүргіншілер өткелін жабдықтауды және учаскеге ағымдағы жөндеу жүргізуді тапсырды.

Тұрғындардың барлық шағымдары жұмыста ескеріледі, қала әкімі жағдайды жеке бақылауда ұстауға уәде берді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу:

Сілтемеге жазылу


Оқыңыз:

Соңғы жаңалықтар

24 шілде 2024, 18:41
19 шілде 2024, 23:40
ТОО «Ертіс өнірі»
Республикаға тарайтын апталық газет
© 2007—2024
Яндекс.Метрика
Әрленім және құрастыру
SemStar