26 қазанда футбол үйінде өткен Қазақстан футбол федерациясы Атқару Комитетінің жаңа құрамының бірінші отырысының бекітілген күн тәртібіне сәйкес, "Елімай" футбол клубын 2023 жылғы маусымның бірінші лигасы клубтары арасында футболдан ҚР біріншілігіне қатысу үшін лицензиялау кезеңіне жіберу туралы шешім қабылданды.
Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын Семей футбол жұртшылығы Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловқа "Елімайды" 2023 жылғы маусымның бірінші лигасына қатысуға рұқсат беру туралы өтініш білдірген болатын.
Сурет: sports.kz