Ведомствода атап өткендей, бұл құжат 2008 жылы әзірленді, тек 2022 жылы тараптар түпкілікті редакциялау туралы келісті.
Сондай-ақ, келісімнің қолданылуы құқық бұзушылықтарға қарсы күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында келісілген саясатты әзірлеуге және жүргізуге ықпал ететіні айтылды.
Атап айтқанда, Антикорда нақтыланғандай, келісім аясында:
сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсету;
сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үйлестірілген және келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізіледі;
сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді қайтару саласында ынтымақтастық жүзеге асырылады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл саласында ақпараттық жүйелер құрылады және пайдаланылады;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары әзірленеді;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылады;
кадрлардың біліктілігін арттыру және т. б.
Сурет: rudnyi-altai.kz