Өңірде 2022 жылғы 22 қазаннан бастап бір облыстық және 9 қалалық және аудандық Қоғамдық қабылдау бөлмелері өз жұмысын бастады, онда азаматтар күн сайын кандидаттың сенім білдірілген адамдарына сұрақтарымен, ұсыныстармен жүгіне алады. Қоғамдық қабылдау бөлмесінің міндеттеріне сайлаушылардан тілектер қабылдау, сондай-ақ сайлау заңнамасын түсіндіру кіреді.
Президенттікке кандидаттың Қоғамдық қабылдау бөлмесін танымал беделді тұлғалар, қоғам қайраткерлері, партия мен жастар ұйымдарының белсенділері, халық коалициясының өкілдері, облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттары қабылдайды.
Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды қабылдауды Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың сенім білдірілген адамдары жүзеге асыратын болады. Сенім білдірілген адамдар ҚР Президенттігіне кандидаттың сайлауалды бағдарламасын талқылау бойынша сайлаушылармен кездесулер өткізеді, сондай-ақ азаматтардың өтініштерін, тілектері мен ұсыныстарын қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай облысының Қоғамдық қабылдауы Абай облысының халқы алдағы Ел Президентінің сайлауына белсенді қатысады, осылайша Қазақстандағы достықты, тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау үшін халықты одан әрі біріктіреді деген үміт білдіреді.
Семей қаласындағы облыстық қабылдау бөлмесінің жұмыс кестесі-күн сайын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін.
Қабылдау бөлмесінің мекенжайы-Мәңгілік Ел көшесі, 11.
Тел: 8 (7222) 36 08 77